oC
Тақырыбы: «Мектепке дейінгі балалардың ерте кәсіби бағдарлануы – адал азамат пен болашақ маманды қалыптастырудың бір элементі ретінде» Іс-шараның мақсаты – мектеп жасына дейінгі балаларға мамандықтар әлемі туралы түсінік қалыптастыру, еңбекке құрмет сезімін ояту және болашаққа саналы қадам жасауға бағыт беру. Күн тәртібінде: 1️⃣ Музыкалық сәлемдеме. Музыка жетекшісі Амирханова А.Ы. қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жиынның шымылдығын ашты. 2️⃣ «Барлық мамандықтар маңызды, барлық мамандықтар қажет» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет. Тәрбиеші Миргалиева А.К. балаларға мамандықтардың қоғамдағы рөлі туралы түсінік беріп, қызықты әдіс-тәсілдер арқылы тақырыпты ашты. 3️⃣ «Мамандықтар әлеміне саяхат» ұйымдастырылған іс-әрекеті. Тәрбиеші Досланова А.Е. тәрбиеленушілерді түрлі мамандық иелерімен таныстырып, танымдық ойындар ұйымдастырды. 4️⃣ Мобильді топ аясында Қостанай қаласы білім бөлімінің №3 бөбекжайы КМҚК тәрбиешісі Тұрсын Ж.Ж. «Туған өлкенің табиғаты мен мәдениетін таныстыру арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды патриоттыққа тәрбиелеу» атты авторлық бағдарламасымен бөлісті. Бағдарлама балалардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған. 5️⃣ Қостанай қаласы білім бөлімінің №7 бөбекжайы КМҚК тәрбиешісі Тортаева Г.К. «Ою-өрнек әлемі» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығын атап өтті. 6️⃣ «Шаттық толы жүрекпен» атты психологиялық жаттығуларды жантанушы Токумбаева Ш.Ж. ұсынып, педагогтарға жағымды көңіл күй мен мотивация сыйлады. Әдістемелік бірлестік жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәжірибе алмасу алаңына айналды. Әріптестеріміз өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби шеберліктерін арттырды. Бірлесе жұмыс жасау – сапалы білім мен саналы тәрбиенің кепілі!