«Мектепке дейінгі балалардың ойын әрекеттерін қалыптастырудың заманауи тәсілдері»
Бүгін педагогтармен бірге мобилді топтың аясында қызықты әрі тәжірибеге толы шебер-сынып өткізілді. Іс-шара барысында мектепке дейінгі жастағы балалардың ойын әрекетін дамытудағы заманауи әдістер мен тиімді тәсілдер қарастырылды.
📌 Шебер-сынып барысында:
* «Ойын дегеніміз не?» тақырыбында пікір алмасу;
* Ойынның бала дамуының негізгі көзі екендігі туралы талқылау;
* «Суретті жалғастыр» шығармашылық тапсырмасы;
* «Мақал-мәтелді тап» ойыны;
* мнемотехника әдісін қолдану жолдары;
* сергіту сәті мен топтық жұмыстар ұйымдастырылды.
✨ Педагогтар өзара тәжірибе алмасып, ойын арқылы баланың:
✔️ қиялы,
✔️ тіл байлығы,
✔️ ойлау қабілеті,
✔️ қарым-қатынасы дамитынын атап өтті.
https://kst-sad13.edu.kz/kz/news-kz/246-mektepke-dejingi-balalardy-ojyn-reketterin-alyptastyrudy-zamanaui-t-silderi.html#sigProId4819d558c1

