Жаз — балалар үшін ең көңілді әрі қуанышты мезгіл. Ал жазғы таза ауадағы
ең сүйікті іс — құммен ойнау!
Бүгін біздің балабақшамыздың бүлдіршіндері нағыз кішкентай сәулетшілерге
айналды. 🏰✨
Арнайы ойыншықтарды, қалыптар мен шелектерді пайдалана отырып, балалар
құмнан:
🏰 Сәулетті сарайлар мен қамалдар;
🐢 Әртүрлі жануарлар мен пішіндер;
🍰 «Дәмді» торттар мен бәліштер жасап, мәре-сәре болды!
💡 Бұл жай ғана ойын емес!
Құммен ойнау — баланың майда моторикасын дамытып, қиялына қанат
бітіреді. Сонымен қатар, балалар бір-бірімен ойнап, достық пен
ұйымшылдықты үйренеді.