Ортаңғы «Айналайын» тобында балалардың жолда жүру ережелері туралы
білімдерін қалыптастыру, жол қауіпсіздігін сақтауға үйрету мақсатында
«Жол ережесін білемін!» атты ойын іс-әрекеті ұйымдастырылды.
Ойын барысында бүлдіршіндер жол белгілерімен танысып, бағдаршамның
түстерін ажыратып, жолда жүру ережелері бойынша қызықты тапсырмалар
орындады. Түрлі ойындар арқылы өз білімдерін ортаға салып, жол
қауіпсіздігі туралы түсініктерін кеңейтті.
🚦 Жол ережесін білу – әр баланың қауіпсіздігінің кепілі!
Балаларымыз әрдайым жолда сақ болсын! ❤️
#заң_мен_тәртіп


