Бүгін «Айналайын» ортаңғы тобында «Шаштараз» сюжеттік-рөлдік ойыны өтті.
Балалар нағыз сұлулық салонының атмосферасына еніп, өздерін түрлі
рөлдерде сынап көрді.
Ойын барысында балалар:
✅ Шаштараз мамандығымен танысты;
✅ Қайшы, тарақ, фен сияқты құралдарды қолдануды үйренді;
✅ «Сәлеметсіз бе», «Рақмет», «Келесі кезек кімде?» деген сөздер арқылы
өзара мәдениетті қарым-қатынас орнатуды жаттықтырды.
Біздің кішкентай «клиенттеріміз» өте риза! Ойын арқылы балалардың сөздік
қоры байып, эстетикалық талғамы қалыптасуда. 🌟

