oC
«Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету бойынша 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, балабақшамызда бүлдіршіндердің қатысуымен «Дені сау бала - дені сау ұлт» атты ерекше денсаулық апталығы ұйымдастырылды. Тәртіп пен жауапкершілік ең алдымен өз денсаулығыңа күтім жасаудан, қарапайым ережелерді сақтаудан басталады. Апталық аясында кішкентай тәрбиеленушілеріміз пайдалы әдеттерді бойына сіңіріп, белсенді уақыт өткізді: Апталықтың жарқын сәттері: «Шынықсаң, шымыр боласың»: Әр күн көңілді таңғы жаттығулармен және спорттық эстафеталармен басталды.