Жасыл балабақша
🌿🌱 Жасыл балабақша – жасыл болашақ!
Бүгін балабақшамызда экологиялық тәрбие беру бағытында «Жасыл балабақша»
желісін жетілдіру жұмыстары жалғасын тапты. Балалармен бірге табиғатты
қорғау, жасыл орта қалыптастыру және өсімдіктерге қамқорлық жасау туралы
мағыналы іс-әрекеттер ұйымдастырылды.
Кішкентайлар гүлдер мен жасыл желекті күтіп-баптауды, суды үнемдеп
қолдануды және табиғатқа жанашыр болуды үйренді. 🌼💧
Балалардың экосанаcын дамыту – таза әрі жарқын болашақтың кепілі!🌎💚

