oC
Бүгін ортаңғы “Жұлдыз” тобының балалар “Дәрігер” атты сюжеттік-рөлдік ойынды қызыға ойнады. Балалар алдымен өз рөлдерін бөлісті: біреуі – дәрігер, екіншісі – медбике, басқалары – келген науқастар болды. Дәрігер ақ халатын киіп, құралдарын дайындап, қабылдауды бастады. Науқас балалар кезекпен келіп, өз шағымдарын айтты. Дәрігер олардың температурасын өлшеп, тыңдап, кеңес беріп отырды. Медбике дәрігерге көмектесіп, қажетті құралдарды әкеліп берді. Балалар бір-біріне жанашырлық танытып, сыпайы сөйлеуге және кезек сақтауға үйренді.
Описание изображения