oC

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№13 бөбекжайы» КМҚК- да заманауи үрдістерге сәйкес тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын жан-жақты дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Біздің бөбекжайда Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес барлық жағдайлар жасалған. Балабақшада бала өмірінің дамуы үшін ең маңызды салалар  ересектермен және құрдастарымен эмоционалды өзара әрекеттесу тәжірибесін алады. Мұндай тәжірибені алу мүмкіндіктері  заттық - кеңістіктік дамытушы ортасын құру шартымен кеңейтіледі. Заттық - кеңістіктік дамытушы ортасы барлық негізгі эргономикалық принциптерге сәйкес келеді. Қазіргі заманғы санитарлық - техникалық және эстетикалық талаптарға сәйкес заттық - кеңістіктік дамытушы орта жоспарлы түрде қайта құрылады, жаңғыртылады.

Тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын жан - жақты дамытуға бағытталған тәрбиелеу - білім беру процесін ұйымдастырылуының тиімділігі көбінесе заттық - кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастырылуына, ойыншықтар мен дидактикалық құралдардың даму әлеуетіне, тіпті олардың орналасуына байланысты. Баланы қоршап тұрған, оның психикасын қалыптастыратынның бәрі оның білімінің, әлеуметтік тәжірибесінің қайнар көзі болып табылады. Сондықтан біздің балабақшада барлық психофизиологиялық параметрлерде балалардың дамуын барынша толық жүзеге асыруға жағдай жасалған.

Жылы бойы тәрбиешілер, жантанушы, дене шынықтыру нұсқаушысы, музыка жетекшісі  тәрбиеленушілердің ата - аналарымен бірлесіп, мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне және жеке ерекшеліктеріне сәйкес психологиялық қолайлы жағдайлар жасау мақсатында топтық үй -жайы бар заттық - кеңістіктік ортасын құрып,  әзірлеуге көмектеседі.

Біздің балабақшаның педагогтері режимдік сәттерде және ұйымдастырылған іс-әрекет кезінде музыкалық сүйемелдеу мен АКТ құралдарын пайдаланады.
                Балабақшадағы тәрбиелеу - білім беру процесін ұйымдастыру мен тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын жан - жақты дамытуға бағытталған ортасы, балалардың балабақшада жайлы болуын қамтамасыз етеді, олардың денсаулығын сақтайды және ықпал етеді. Дұрыс жабдықталып, ұйымдастырылған заттық - кеңістіктік дамытушы ортаның арқасында әр бала өзіне ұнайтын іс - әрекетті таба алады, өзінің күші мен қабілетіне сенеді, ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауды үйренеді, олардың сезімдері мен іс-әрекеттерін түсінеді және бағалайды. 

Балабақша  педагогтері әрдайым ізденіс үстінде жұмыс істей  отырып, қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі өз тәжірибелерімен алмасу алаңдары мен семинарларына қатысып, кәсіби іскерліктерін дамытып, оны оқыту мен тәрбиелеу процесінің сапасын көтеру мақсатында инновациялық әдіс - тәсілдерді баланың жеке тұлғасын жан - жақты дамуына жағдай жасай отырып тиімді қолданады.