Құрметті ата-аналар, тәрбиешілер, қонақтар!
Бүгін – біз үшін қуанышты да, қимастыққа толы ерекше күн. Бүгін біздің
сүйікті бүлдіршіндеріміз балабақшамен қоштасып, мектеп атты жаңа белеске
қадам басқалы отыр.
Уақыт өте шықты, кішкентай ғана балапандарымыз енді ақыл тоқтатқан, әріп
таныған, сан үйренген оқушы атанбақ. Осы жылдар ішінде балаларымызға
тәлім-тәрбие, мейірім мен білім берген тәрбиешілерге алғысымыз шексіз!
Қымбатты бүлдіршіндер,
Сендерге жарқын болашақ, сәттілік пен табыс тілейміз! Мектеп өміріне
батыл қадам басыңдар! Еліміздің мақтаны болыңдар!