oC
Инновациялық қызмет 2025 жылғы 16 мамырда №51 бөбекжайы қабырғасында «Мектепке дейінгі ұйымның инновациялық алаңдары» атты әдістемелік фестиваль ұйымдастырылды. 💥Фестиваль жұмысына №3, 4, 5, 7, 8, 9, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 27, 40, 51, 54, 61, 69 балабақшалары мен мектеп-балабақша гимназиясы белсенді қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, тың идеялар мен ұсыныстарын ортаға салды. Аталған фестиваль аясында “№13 бөбекжайы” әдіскері Акауова А.К. тәрбиеші Талғатбекқызы А “Ұлттық тәрбиенің басталуы-балабақшада” тақырыбындағы инновациялық алаңын ұсынып, өзінің әдістемелік жұмысын ортаға салды. Фестивальге қатысу біздің ұжым үшін ерекше маңызды оқиға болды. Бұл шара тәжірибе алмасуға ғана емес, сонымен қатар педагогикалық іс-тәжірибені жетілдіруге бағытталған жаңа идеялар мен шабыт алуға зор мүмкіндік берді.