2023 жылдың 17 - 19 қазан аралығында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№13 бөбекжайы» КМҚК ата-аналармен бірлескен іс-әрекетті өзара ықпалдастыру мақсатында, «Менің отбасымның ағашы» атты топтар арасында қолөнер көрмесі өтті.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу. Барлық топтың ата-аналары белсене қатысты.
http://kst-sad13.edu.kz/kz/zdi-me-tep-e-dejingi-jym-2022/t-n-l-rmen-zh-mys-isteudegi-e-zh-ksy-tiimdi-tazhiribe/161-meni-otbasymny-a-ashy.html#sigProId69d7287937