Экологиялық білім беру және тәрбиелеу бағдарламасын іске асыру аясында кіші «Толғанай» тобында «Кім алтын балықты құрастырады?» атты іс - шара өтті. Мақсатымыз балаларды теңіз және теңіз тұрғындары ұғыммен таныстыру болды. Белсенді танымдық, зерттеу іс – әрекетін дамыту процесінде бала өзінің қызығушылығын қанағаттандыра отырып, бір жағынан теңіз тұрғындарының әлемі жайлы түсініктері кеңейеді, екінші жағынан мүсіндейтін заттарды зерттеп, қарапайым және күрделі пішінді заттарды мүсіндеудің техникалық дағдыларын қалыптасады, тәжірибені саралау және реттеу құралдарын игере бастайды. Бұл баланың өз ойының түсініктері әлемнің тұтас көрінісіне байланыстыруға мүмкіндік береді.
http://kst-sad13.edu.kz/kz/zdi-me-tep-e-dejingi-jym-2022/jyn-rkyly-kytu-bizdi-tazhiribemiz/177-kim-altyn-baly-ty-rastyrady.html#sigProId8c6334a3bb