oC

№13 бөбекжайының тәрбиешілердің алдында балалармен мамандықтар туралы әңгіме жүргезе  отырып, кәсіптер, еңбек құралдары, еңбек әрекеттері туралы балалардың танымдық белсенділігін дамыту бойынша білімді кеңейту мен тереңдету болып табылады. Соның ішінде балаларға ерекше ұнаған  Д/ойын:  «Кімге жұмыс істеу үшін қандай құралдар қажет». Әр түрлі мамандықтарға қызығушылықты дамыту. Балалармен сөйлесе келе, мамандықтар туралы түсініктері бар екендігі белгілі болды. Осы орайда, топтар арасында күннің екінші жартысында дидактикалық және сюжетті – ролдік  ойындар:  «Кімге жұмыс істеу үшін қандай құралдар қажет» атты ойнатылды. МДҰ балаларға кәсіптік бағдар беру жұмысының жүйесін жетілдіру, оны уақыт талаптарына сәйкес келтіру қажет.

Сонымен қатар, топтар арасында «Ең көп оқитын топ» кітап көрмесі байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: балалардың кітаптар туралы білімдерін кеңейту (олардың тақырыбы, дизайны). Кітапқа деген қызығушылықты ояту, иллюстрацияларды қарастыруға деген ұмтылыс, үлкендерді тыңдап, оқып отырғанда бөлмеу. Есте сақтау, ойлау, зейінді дамыту. Балалардың сөздігіне ұғымдарды енгізу энциклопедия, балалар кітаптары, әжелер кітаптары, жаңа кітаптар, оқулықтар, ойыншықтар кітаптары және т. б. Алдын ала жұмыстар барысында  кітап бұрышындағы кітаптарды қарау, ұйымдастырылған іс-әрекет және күнделікті өмірде шығармаларды балаларға оқу болды.