oC

Біздің балабақша – үлкен отбасы. Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңі ерекше, өйткені дәл осы жастағы балалар мақта сияқты ақпаратты тез сіңіреді, қоршаған әлем мен ондағы орны туралы алғашқы түсініктерге ие болады. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін танымдық белсенділіктің маңызды формаларының бірі - ойын. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады. Тәрбиеші дұрыс ұйымдастырған бұл іс - әрекет балалардың ақпарат пен дағдыларды тиімді алуына ықпал етеді, оларды өз бетінше зерттеуге ынталандырады, балалар ұжымында олардың әлеуметтенуін жеңілдетеді.

Ойын - бұл мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі қызметі. Сондықтан балабақшаның барлық топтарындағы тәрбиелеу - білім беру процесі ойын технологияларын қолдану негізінде құрылады. Олар тәрбиелеу-білім беру процесін қызықты, балалардың қабылдауын жеңілдетеді. Сондай-ақ, әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, дидактикалық ойындар арқылы балаларды жалпы адами және  ұлттық құндылықтар негізінде толыққанды дамыту және әлеуетін ашу, қазақтың салт – дәстүрлерін бойларына, мәдени, рухани және адамгершілік құндылықтарды дарыту мақсатында жұмыстар жүзеге асырылуда. «Ұлттық тәрбиенің басталуы - балабақша» осы бағыт бойынша балаларды қазақ халқының ұлттық, отбасылық құндылықтарға, отаншылдыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени – әлеуметтік нормаларға баулу, дамыту мен балабақшаның күш – жігерін біріктіру болып табылады. Балалармен қоршаған ортамен танысу бойынша ұйымдастырылған іс-әрекеттер, мерекелер мен ойын-сауықтар (Наурыз мейрамы, Республика күні, Отан қорғаушылар күні және т.б.) өткізіледі. Сондай-ақ, патриоттық тәрбиенің маңызды аспектісі - қазақтың ұлттық ойындарымен танысу. Осындай жұмыстың нәтижесінде біздің команда 2022 – 2023 оқу жылының  наурыз айында "Ханаталапай" асық ойынына қатысты.

Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасауда ойын технологияларын қолдану келесі нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етеді:

- баланың белсенді етеді;

- танымдық қызығушылықтарын арттырады;

- есте сақтау, ойлау және зейінді дамытады;

- шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

 

Сондай-ақ, балаларға ойын барысында бастама танытуға, өз қызығушылықтарына сәйкес әрекеттерді таңдауға мүмкіндік беру үшін педагогтерге дамытушы ортаны жеткілікті және әртүрлі материалдармен байытады.