Кіші «Толғанай» тобында балалармен «Толғанай» ауылына саяхат атты сюжеттік – рөлдік ойын өткізілді. Ойын өткізілетін күні тәрбиеші топты ауыл түрінде безендіреді: киіз үй макеттің қойды. Әр үйде қора, көкөніс бақшасы, шабындық, сарайы және үй жануарлары болды. Ауыл өмірінің иллюстрацияларын, ауылшаруашылық жұмыстарын, ауыл табиғатының фотосуреттерін қарау, көркем шығармалар мен ертегілер оқылды, балаларға мультфильм көрсетті. Балалар сиырлардың қалай жайылып жүргені, оларды кім бағады, қойшыға ит не үшін қажет екендігі және басқа да сұрақтар туралы түсінік ала бастады. Балаларда ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жұмысы туралы толық түсінік қалыптасты. Олар бірнеше рет ойнаған кезде, ауыл адамдарының жұмыстары құрметтеу керек екені айтылды.
Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Ата – аналар арасында «Ең көп оқитын отбасы» атты челлендж өткіздік . Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды. Мағыналы сөздерден кітап оқудың кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзіе кенін түсінесің.
Ата - аналармен күнделікті кездесулер арқылы мерекелік іс – шара өткізіп тұрамыз. Ата-аналармен апталық мерекелер өтеді. Өткен іс - шараға ата – аналар мен балалар үлкен сүйіспеншілікпен және қызығушылықпен қатысты.
«Үндестік» жобасыда іске асырылып отырады. Балабақшада ата – аналармен бірігіп, «Менің отбасыммен бір күн» атты үлкен фото – сурет көрмесін ұйымдастырдық. Мақсаты: Үйде және балабақшада балаларға эмоционалды қолайлы атмосфераны құру, онда балалар мен ата – аналар арасындағы қарым-қатынас , мейірімділік пен өзара сыйластық негізінде құрылады. Ата – аналарды өз отбасылық дәстүрлер мен әдет - ғұрыптарды сақтауды дәріптеу болды.
Меңгерушінің м.а.: Омарова К.С.