Біздің мектеп-балабақшамыздың инновациялық қызметі
Қазіргі кезеңде білім ғылым саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды.
Ақпараттық -коммуникациялық технология
Заман талаптарына сай мектепке дейінгі мекемелерде АКТ оқыту процесінде кенінен пайдаланады. Оқытуда интерактивті кешендерді пайдалану сапалы, қызықты және оңтайлы болып келеді. Электрондық мультимедиялық бағдарламаларды дәстүрлі оқыту және педагогикалық инновациялармен қатар, оқыту үрдісінде үнемі қолдану дайындығы әртүрлі деңгейдегі балаларды оқыту тиімділігін көтереді. Біздің балабақшада интерактивті тақтаны пайдалану тәсілдері өте көп. Бұлар презентациялар, интерактивті оқыту бағдарламалары, графикалық, бағдарламалық орталықтарда жобалар құрастыру екені мәлім.
Тәжірибелік эксперименттік іс-әрекеттеріміз
Эксперимент– – қоршаған айналаны білу мен түсінудің тиімді әдісі
Эксперимент әдісінің артықшылығы:
Бала бойындағы бар қасиеттердің қалыптасуына ықпал етеді:
Белсенді, қызыға білуді үйренеді; ересектер мен құрдастарымен қарым-қатынас орнатуды және тіл табыса білуді үйренеді; зияткерлік және жеке мәселелерді шешуге қабілетті болады; өзі, әлемі және табиғаты туралы алғашқы ойлары бар; өз мінез-құлқын басқаруға және әрекетін жоспарлауға қабілетті; оқу әрекетіне қажетті білім, тәрбие алу үшін алғышарттар меңгереді.Практикалық жұмыс барысында баланың қызығушылықпен қоршаған әлемді танып білу үшін белсенділігін, бастамасы мен дербестігін дамытады. Эксперимент жұмысы мектепке дейінгі жастағы балалардың барлық білім салаларында жеке, топтық әрекетінде қолданылады. Балалар ересектермен бірге алғашқы жаңалықтарын жасайтын зерттеу іс-әрекет жасағанды ұнатады, түсіндіруге және дәлелдеуге үйренеді.
«Ойын» технологиясы
Ойын технологиясының ерекшелігі ойын іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.
Фетрмен жұмыс
Өмір талабына сай технологияларды оқу процесімен тәрбие аясында шебер қолдана білу тәрбиешінің міндеті. Осыны ескере отырып, біз мектепке дейінгі білім беру саласындағы әр жаңалықты өз қызметімізде қолданамыз. Яғни онда балалардың түрлі түсті фетр матаның жұмсақ әрі ыңғайлы екенін біле отырып баланың қызығушылығын оятамыз. Бұл матаның тиімділілігі жыл сайын өтетін мерекемізге пайдалануға болады. Қоғам алға жылжып дамыған сайын білімді, әрі жан-жақты болуды талап етеді.
Ұлттық құндылықтар арқылы оқыту және тәрбиелеу
Біз мектеп жасына дейінгі балаларды тəрбиелеуде ұлттық құндылықтарды бес бағытта қарастырдық:
- қазақ балалар фольклоры;
- салт-дəстүрлер;
- ұлттық ойындар;
- ұлттық өнер;
- этноэкология;
Сонымен, ұлттық құндылық негізінде мектеп жасына дейінгі
балаларды тəрбиелеу мазмұны қазақ балалар фольклоры, салт-дəстүрлер, ұлттық ойындар, ұлттық өнер, этноэкология бағытында жас ерекшеліктеріне сəйкес жүйелеу, бұрын тəжірибеде қолданылмаған ұлттық құндылық материалдарын балабақшаның оқу - тəрбиепроцесіне енгізу баланың ұлттық болмысына ықпалын тигізді.
http://kst-sad13.edu.kz/kz/zdi-me-tep-e-dejingi-jym-2022/bizdi-b-l-b-ksh-myzdy-inn-v-tsiyalyk-kyzmeti/160-bizdi-mektep-balaba-shamyzdy-innovatsiyaly-yzmeti.html#sigProIdac17841b7b