Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Балаларды ерте дамыту» институтының жоспарына сүйеніп, Қазақстан халқының тілдер күнінің қарсаңында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің» ММ ұйымдастыруымен
ана тілінде «Менің отбасым» атты шығармашылық байқау өтті.
Мақсаты: Ата - аналарды шығармашылыққа тарту, Қазақстан Республикасында тұратын көпұлттық халықтардың мәдениетімен, салт - дәстүрлерімен таныстыру арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін, қызығушылықтарын қалыптастыру.
Осы сайыстан Қостанай қаласы «№13 бөбекжайы» тыс қалған жоқ. Ересек «Айналайын» тобының тәрбиеленушісі Есимбекова Мерей Талғатқызы өзінің отбасымен ата – әжесі, анасы және туған әпкесінің қатысуымен «Қошақаным» әнін орындап, «Үздік отбасылық өнер көрсету» атты номинациясына ие болды.