Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана, әже және мен» байқауының қалалық кезеңі аяқталды. Іс - шараның мақсаты: тәрбиеленушілерді мемлекеттік тілді белсенді қолдана отырып, қазақ халқының патриоттық, танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттері мен адамгершілік құндылықтарын дамыту, мәдени - тарихи дәстүрлеріне, әдет-ғұрыптарына баулу.
Қалалық байқауының жеңімпазы, бас жүлде иегері №13 бөбекжайының тәрбиеленушісі Есимбекова Мерей. Мерейді жеңісімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, шабыт және жаңа жеңістер тілейміз!!