oC

Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қою және қабылдау indigo-kst-goo.e-orda.kz веб - порталда жүзеге асырылады.

Баланы кезекке қою үшін ата-анасының ЖСН, баланың ата-анасының (немесе заңды өкілінің) 2 қолданыстағы ұялы телефон нөмірінің болуы өтініштің мәртебесі және кезек нөмірі туралы хабарлама алу үшін қажет.

Аталған жүйеде ата-аналар балабақшаға электронды жолдама ала алады. Ол үшін «Жеке кабинетке» кіріп, «Жолдама алу» қойындысын басып, балабақша мен қабылдау тобын таңдап, "жолдама алу" қойындысын басу керек.

Жолдаманы алғаннан кейін барлық жолдарды кезең - кезеңімен толтырып және электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен шартқа қол қою арқылы электрондық шарт жасасу қажет.