oC

2022 жылдың 30 – шы  қараша күні «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№13 бөбекжайы» КМҚК базасында «Ойын арқылы әр баланың жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан - жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу» тақырыбында қалалық мектепалды топтарының әдістемелік бірлестігі өтті.

  • Музыка жетекшісі Амирханова А.Ы. «Сиқырлы аспаптар» атты музыкалық

аспаптармен музыкалық сәлемдемемен ашты.

  • Мектепалды «Гүлім» тобының тәрбиешісі Абильтаева У.К. «Ұлттық ойын – ұлттық

қазына» атты тақырыпта  балаларға ұлттық құндылықтар мен ойындар - қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын - сауықтардың бір түрі. Осы ұлттық ойындар арқылы баланың ұлттық сана сезімін қалыптастыра отырып, дене бітімінің шынығуына да толық оң әсерін беретіні анық деп ұйымдастырылған іс – әрекет өткізді. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ойындар мен тапсырмалар қол жетімді болды. Қызықты ұлттық ойындар балаларды қызықтыра білді.

  • Балабақша жантанушысы Қылышбековна А.К. тәрбиешілерге арналған «Жақсы

көңіл – күй жан шуағы» атты тренинг өткізді. Тәрбиешілердің өзін - өзі тану процесін жандандырып, көңіл – күйлерін көтере алды.