oC

Қостанай қаласы білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің  «№ 13 бөбекжайы» КМҚК 07.11 – 11.11.2022ж. балабақшаішілік «Бәрін білгім келеді!» атты тақырыптық   апта өтті. Тақырыптық аптаны мектепалды «Гүлім» тобы мен музыка жетекшісі Айгул Ыбыраевна «Көңілді музыкалық инструменттер»  оркестірі ашты. Тақырыптық апталықтың мақсаты бала ойлауды, тәрбиені, есте сақтауды дамыту, талдау, қарым-қатынас жасау, әрекет ету, ұмтылысты, мақсаттылықты, өзара көмекті дамыту. Жаңа білім алу, өзін - өзі бақылау, дәлелдеу, тапқырлық және үйлесімді сөз ұғымымен бастамалардың балалар тұжырымдамасында тәрбиелеу. Балаларға дамытушылық ойын арқылы қуаныш сыйлау, интеллектуалды тиімділікке қызығушылықты сақтау. Тақырыптық апта бойы балалар белсенділіктерін, тәуелсіздік пен шығармашылық, қызығушылықтарын танытты. « Бәрін білгім келеді!» атты тақырыптық   апталықта  пайдаланылған материалдар балаларға қол жетімді және жас ерекшеліктері ескеріліп, тапсырмалар жеңіл болды. Барлық ойындар мен тапсырмаларды ескере отырып, белгілі бір ақпараттарға, дағдыларға ие болды. Балалар киіз үйдің қазақ халқының өмірінде маңызды болғаның, оның атаулары мен жинақтау туралы  білімдерін бекітті