2022 жылдың 18 қазанында ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ақ бота» балабақша-бөбекжайы» КМҚК -да «Балабақша-үйіміз» атты ата-аналарға арналған ашық есік күні өтті
Мақсаты:
«Білім беру мекемесі және отбасы» атты біріңғай білім беру кеңістігін құру, ата - аналармен педагогтар арасында сенімді қарым – қатынас орнату, бірлескен тәрбие міндеттерін анықтау және оларды жүзеге асыру.
Міндеттері:
- Ата - аналарға балабақшаның қызметі туралы ақпарат беру.
- Балалар іс - әрекетін топтарда ұйымдастыру және пән мамандарының жұмысымен таныстыру (дене шынықтыру нұсқаушысы, психолог, логопед).
Ата-аналар балабақшаның өмірін бақылап: күн тәртібіндегі іс-шаралармен танысты, балалардың гигиеналық дағдыларын анықтады, мамандардың жеке кеңестерін алды. «Күз-береке бастауы» атты көрмеге ата-аналар балаларымен бірге жасаған қол еңбектерін ұсынды. Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу қабілеттерін, көркем эстетикалық талғамын дамыту үшін ата-аналар тарапынан өткізілген жұмыстардың ролі өте зор.
Ата-аналар мен балалар «Күз- береке бастауы» көрмесіне дайындаған жұмыстары туралы композиция құрастырып, әңгімеледі.