Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№13 бөбекжайын» КМҚК 2023 жылдың 19 қаңтарында «Үндестік» жобасын іске асыру мақсатында ата – аналармен «Жолда жүре білесіңдер ме балақай» атты флешмоб өткізілді. Осы мақсатта ересектердің көмегімен балаларымыз жол ережесін жақсы біліп, оны бұзбауға үйрету. Біз және ата – аналар бәріміз балаларымыздың жылдан - жылға өсіп, үлкен өмірге тек білімді ғана емес, сонымен бірге шыңдалған және сау болғанын қалаймыз.
Қоғамның мүгедектігі бар адамдарға кемсітусіз, толеранты көзқарасын қалыптастыру мақсатында біздің балабақшамызда «Бәріне мейірімділік пен қуаныш сыйлаймыз» атты онкүндік іс - шаралар жоспары құрылып, ата – аналар қауымдастығын арта отырып, педагогтар мен балалар ат салысты. 2023жылдың 25 қаңтарында «Егер досымен бірге болсам жолға шықсан» атты ата – аналар қауымдастығымен бірге сайыс өткізілді. Адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі мейірімділік туралы жан - жақты ой қозғап, ата - аналар өнерлерін ортаға салды. Ата - аналарға жағымды көңіл - күй орнату болды. Ойынның мақсаты қоғамда мүмкіндіктері шектеулі адамдарға кемсітусіз, толерантты көзқарасын қалыптастыру.