oC

«Балабақшада өткізілетін іс-шаралардың маңызы»

Мектепке дейінгі ұйымда балалар тәрбиеленіп қана қоймай, балабақшада әр түрлі іс - шараларды ұйымдастыру барысында балаларға әлеуметтік, танымдық, шығармашылық, салауатты өмір салтын қалыптастыруға болады. Балабақшада өткізілген әрбір шараның маңызы ерекше. Балабақшада өткізілген мерекелер балаларды әлеуметтендірудің бірден - бір құралы . 1-Қыркүйек  Білім күні қарсаңында балабақшамызда білім күнімен қатар, тақырыптық ұйымдастырылған іс – әрекеттер ұйымдастырылады.

Ұйымдастырылған іс – әрекеттің мақсаты:  Бүлдіршіндерге ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу. Сондай - ақ балабақшадағы өткізілген мерекелер арқылы балалардың ой - өрісінің дамуы да көрінеді.

Мерекелер өзінің ойластырылған бағыты мен құрылымына қарай үш түрге бөлінеді.

1.Қоғамдық - саяси мерекелер.

2.Тұрмыстық мерекелер.

3.Маусымдық мерекелер.

1.Қоғамдық саяси мерекелерге: 30 тамыз Конституция куні, 25 қазан Республика күні,  16 - 17 Желтоқсан Тәуелсіздік күні, 8 наурыз Халықаралық әйел - қыздар мерекесі, 1 мамыр Достық мерекесі, 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесі мен 9 мамыр Жеңіс күні мерекесі»

Қоғамдық саяси мерекелер ұйымдастырудың мақсаты: балаларға патриоттық тәрбие беру, өз отанына, жеріне, халқына деген сүйіспеншілігі, әдептілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу болып табылады.

2.Тұрмыстық мерекелерге: Жаңа жыл, 22 наурыз мерекесі, балалардың балабақшамен қоштасу мерекесі жатады.

Тұрмыстық мерекелерді ұйымдастыруды мақсаты: Қөңілділіктің шаттықтың күйін шертеді және қазақ халқының салт - дәстүрлерін бойына сіңірту арқылы балаларды ұлтжанды ,өз қазақ халқының қазынасын сақтап қалуға тәрбиелеуге болады.

  1. Маусымдық мерекелерге: «Алтын күз мерекесі», «Көктем келді құлпырып», «Алақай жаз келді»

Бұл мерекелерді ұйымдастырудың мақсаты: Балаларды табиғатта болатын өзгерістерді бақылауға, әр жыл мезгілінің берекесін, молшылығын, сұлулығын сезініп білуге тәрбиеленеді. Жаз мезгілінде сауықтыру шаралары ұйымдастырылады.Сауықтыру шараларды ұйымдастырудың мақсаты: жаз мезгілінде балалардың денсаулығын нығайту, эмоцияналдық, түлғалық, танымдық дағдысын қалыптастыруға пайдасы мол. Жаз мезгілінде балабақшада «Нептун мерекесі» өткізіледі.

Мерекені ұйымдастыру мақсаты: балалар әртүрлі эстафеталық жарыстар ұйымдастырып, балалардың денесін шынықтыруда салауатты өмір салтын қалыптастыруға болады. Ашық есік күндері де балабақшада өткізіледі. Ата-аналар балаларының күн тәртібімен танысып,оқу-іс әрекеттеріне қатысып, балаларының балабақшадағы бір күнін бақылайды.

Жалпы ашық есік ұйымдастырудың мақсаты: Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты нығайту болып табылады.

«Жол ережесі» туралы шаралар да ұйымдастыруда балалар жол белгілерімен, жолда жүру ережелерімен танысып,көшеде, жолда сақ жүруге тәрбиелеуге болады. Жалпы айтқанда,балабақшада өткізілген әрбір іс - шараның тәрбиелік маңызы зор, балалардың санасының дамуына, өсіп –жетілуіне, дені сау жеке тұлға болып қалыптасуына әсері мол.