oC

Кітап баланың адамгершілік қасиеттеріне әсер етеді, оның құндылықтарын қалыптастырады. Кітап арқылы бала әртүрлі мінез - құлық үлгілерін қабылдайды (қалай дос болу керек, қалай мақсатқа жету керек, т.б.), кітаптардан  көптеген мағлұматтар алады. Балалардың кітап туралы түсініктерін байыту және кеңейту мақсатында  «Оқитын мектеп – оқитын ұлт» жобасы бойынша жұмыс жоспарын іске асыру аясында, мектепалды «Гүлім» тобы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Мәриям Хәкімжанова атындағы  № 20 жалпы білім беретін мектебі»  КММ кітапханасына экскурсияға шықты. Алдын ала балалар ертегілер мен көркем әдебиет кітаптарымен танысып, оларды қарап, «Кітапханашы» атты  сюжетті - рөлдік ойын ойналып, кітаптарды жөндеу бойынша шығармашылық шеберхана ұйымдастырылды.