oC

2023 жылдың 19 – шы  сәуір күні «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№13 бөбекжайы» КМҚК базасында «Ойын арқылы әр баланың жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу» тақырыбында қалалық кіші топтарының әдістемелік бірлестігі өтті.

  • Музыка жетекшісі Амирханова А.Ы. «Ән шашу» атты музыкалық сәлемдемемен ашты.
  • Кіші «Толғанай» тобының тәрбиешісі Талғатбекқызы Ақмарал. «Ұлттық ойын – ұлттық қазына» атты тақырыпта  дидактикалық ойындар арқылы балалардың бойына мәдени, рухани және адамгершілік құндылықтарды дарыту. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ойын арқылы физикалық қасиеттерін, коммуникативтік дағдыларын, сенсомоторлық үйлесімдігін, шығармашылық және әлеуметтік - эмоционалды дағдыларын қалыптастыру, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлеріне баулу, балалардың танымдық қабілетін, білуге құштарлығын дамыту. Балалардың эстетикалық қабылдауын қалыптастыру мен отбасы дәстүрлеріне баулу, рухани –адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру. Баланың ұлттық сана сезімін қалыптастыра отырып, толық оң әсер беретін ұйымдастырылған іс – әрекет өтті. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ойындар мен тапсырмалар қол жетімді болды. Қызықты ойындар балаларды қызықтыра білді.
  • Балабақша әдіскері Омарова К.С. «Ұлттық тәрбиенің басталуы –

балабақша» атты баяндама оқыды. Әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, дидактикалық ойындар арқылы балаларды жалпы адами және  ұлттық құндылықтар негізінде толыққанды дамыту және әлеуетін ашу, қазақтың салт – дәстүрлерін бойларына, мәдени, рухани және адамгершілік құндылықтарды дарыту.

  • Балабақша жантанушысы тәрбиешілерге арналған «Келіңіз, көңіл сергісін» атты тренинг өткізді. Тәрбиешілердің өзін - өзі тану процесін жандандырып, көңіл – күйлерін көтере алды.

whatsapp-image-2023-04-19-at-12_22_06-1

whatsapp-image-2023-04-19-at-12_22_09

whatsapp-image-2023-04-19-at-12_22_10-1

whatsapp-image-2023-04-19-at-12_22_10

whatsapp-image-2023-04-19-at-12_52_25

whatsapp-image-2023-04-19-at-12_52_29