oC

Өз қолыңызбен жақсылық жасаңыз атты  «Балалар жылы» аясында Қостанай қаласында ағымдағы жылдың 14 сәуірде мүгедек балаларға арналған қайырымдылық концерті ұйымдастырылды. Соған орай Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№13 бөбекжайы» КМҚК тыс қалған жоқпыз. «Өз қолымен жасалған жақсылық» қайырымдылық акциясына ата - аналар, балалар мен педагогтардың қолымен жасалған  сыйлықтары берілді. Қайырымдылық акциясының негізгі идеясы өз шығармашылықтарымен бөлісу болды. Алдын -  ала балалармен мейірімділік пен қайырымдылық, науқас балаларға көмектесу қажеттілігі туралы әңгімелер жүргізілді. Тәрбиешілер, ата – аналар және тәрбиеленушілер мүгедек балаларға арналған қолөнер сыйлықтарын жасауға белсенді қатысты. Шығармашылық жұмыстар жылулық пен сүйіспеншілікпен жасалады, жасалған жұмыстар қызықты және өте әдемі болып шықты. «Өз қолыңмен жасалған жақсылық» акциясы балабақша қабырғасында  мейірімділік, жылулық, қамқорлық сезімдер атмосферасы орнады. Өткізілген акцияның нәтижесінде 15 - дан астам қолөнер жиналды, олар мүгедек балаларға беріліп, таратылды.