Аңсап халық көп күткен
Егеменді ел болдық
Көңіл – күйі тоқ жұртпен
Тереміз тең болдық
Асқақтатып саз, әнге
Сал өнерпаз кіл дүлдүл.
25-і қазанның
Республика күні бұл! – деп Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№13 бөбекжайы» КМҚК 25 қазан Республика күніне орай, «Менің Қазақстаным» атты мерекелік іс – шара өтті. Балалар мерекелік іс – шарада Қазақстан туралы тақпақтар, ән айтып, би билеп елімізді, жерімізді мадақтап өнерлерін ортаға салды. Қазақстан Республикасы – егеменді, ұлан – байтақ, қуатты ел. Балаларға қазақ халқының өзіндік тарихы, мәдениеті, рәміздері бар Қазақстан ел екенін түсіндіріп, ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Қазақстан жеріне зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек. Қазақстан күннен – күнге өркендеп, гүлденуде. Біз осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Жаса, Қазақстаным!
https://www.instagram.com/reel/CynMxdRAmZ-/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==
http://kst-sad13.edu.kz/ru/zdi-me-tep-e-dejingi-jym-2022/mere-eler-men-jyn-s-uyk/167-25-i-azanny-respublika-k-ni.html#sigProId5caebf22a4