oC

Ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынов.

 

Ұлтың керек қылып ,

халыққа қызмет қылатын деген

қазақ балалары қазақ

жұмысына қолынан келгенше

қарап тұрмай кірісіп істей

білсе- ұлт жұмысы ұлғайып , толықпақшы

Ахмет Байтұрсынов

 

Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ірі  тұлғалы – Ұлт ұстазы. Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толып отыр. Ахмет Байтұрсынов - қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы.  Ахмет Байтұрсынов ашқан қазақ мектебі «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Әрине, Ахмет тағылымын бір сәтте оқып білуге болмайды. Оны жылдар бойы оқып үйренуіміз керек. Ахмет Байтұрсынов ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы болашақ өскелең ұрпақ туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтықсыз қызмет ететіндігіне зор сеніммен үміт артамыз.

Ата - аналармен бірге  үндестік орнатып, ұйымшылдықпен ат салысып ағымдағы жылдың 14 ақпан  Ересек «Құлыншақ» тобының  балаларымен бірге Қостанай қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы жоғары оқу орнында орналасқан Ахмет Байтұрсынов мұражайына саяхат жасадық.

Мұражайға саяхат мақсаты: Бүлдіршіндерімізге Ахмет Байтұрсынұлы атамыздың  кішігірім тарихына шолу жасау.  Саяхат бүлдіршіндерімзге өте қызықты болды. Әр балаға Ахмет Байтұрсынұлының ірі тұлғалы ұстаз , аудармашы тіл білімінің атасы екендігін ұғындыра түстік.

Болашақ біздің тәрбиелеп отырған жас –ұрпақтың қолында демекші Атамыздың жолын қуып талай белестерді бағындырарына сеніміміз зор.

  1. Балалардың қауіпсіздік бүгінгі таңда ең маңызды және өзекті

мәселелердің бірі болып табылады, себебі қауіп төндіретін жерлер көп. Ересектердің балаларға қатысты негізгі жауапкершілігі - бұл балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін, қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету. Сондықтан балалардың денсаулығы мен өміріне қауіп - қатерлерді алдын алу басты мақсатымыз.

«Балалардың қауіпсіздігі біздің қолымызда» атты ата - аналар жиналысы өтті.

Мақсаты: білім беру ұйымдарында қауіпсіздік шараларын күшейту.

Жиналыста қаралған мәселелер:

  1. «Балалардың болатын жерлерде мектепке дейінгі мекемелердің

терроризмге қарсы қорғалуына және ақпараттық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.

  1. Тәрбиешілер «Балалардың кешенді қауіпсіздігі» атты баяндама

оқыды.

  1. Балалардың қауіпсіздігі туралы жадынамаларды таратылды.

Террористік акт жасау қаупі төнген кездегі іс - қимылдар бойынша жалпы қауіпсіздік ережелері мен ұсынымдардың міндетті түрде болуы және  сақталуы қажет. Ата - аналарға балалардың жан - жақты қауіпсіздігіне көбірек көңіл бөлінуі жайлы айтылды. Жеке мысал ретінде ата – аналар балаларына өзіңін қауіпсіздігіне  жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу жайлы айтылып кетті. Ата – аналар балалармен бірге өмір қауіпсіздігі тақырыбына байланысты іс – шараға қатысты. Ата - аналар жиналысының қорытындысы балабақша сайтына және Instagram мен Facebook интернет желісіне салынды.

Балабақша қызметкерлерімен балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы нұсқаулық өткізіліп, қауіпсіздік техникасының кітабына қол қойылды.