oC

«Оқитын мектеп  – оқитын ұлт»  және «Үндестік» жобаларын  іске асыру барысында , «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс» - деп Президентіміз Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбaт» атты мақаласында тәуелсіздіктің маңыздылығын, сонымен қатар XX ғасырда Алаш зиялылары мақсат еткен тәуелсіз мемлекет моделін барлығымызға айқындап, ұлттық сананы жаңғыртудың тағы бір кезегі келгенін анық көрсетіп берді. Осының негізінде ХХ ғасырдың басында мемлекеттілігімізді айқындайтын ұлт зиялыларымыздың қызметін қайта қарап, тәуелсіз негізде этникалық идеяларын қайта жаңғырту – жастар, біздің басты міндетіміз. Осы орайда ересек «Құлыншақ» тобы ата – аналармен бірлесіп кітапханаға сапармен барып келді. Балалар Ахмет Байтұрсыновтың өмір баянамен танысып, қітаптарына көз жүгіртті. Мақсаты:  Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру.