oC

09.2022 жылы кіші «Толғанай» тобында «Мен балам туралы не білемін?» атты ата – аналарға тренинг өткізілді, 21.10.2022жылы мектепалды «Гүлім» тобында  «2022 - 2023 оқу жылының мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудағы балаларды  тәрбиелеу мен оқытудың тәсілдерін өзгерту бойынша»  ата – аналармен   дөңгелек үстел   түрінде  ата - аналар жиналысы өтті. Ата - аналар жиналысы мектепке дейінгі өмірдің қажетті атрибуттарының бірі  болып табылады. Оны қалай қызықты  және өнімді өткізуге  болады? Ата - аналар жиналыстарын өткізудің дәстүрлі емес әдістемелеріне, өзгергіштік қағидаттарын ұстануға ерекше назар аударылады. Бұл ата - аналармен өзара іс - қимылда оң нәтижелерге қол жеткізуге, олардың педагогикалық мәдениетін, балаларды тәрбиелеу мәселелеріне қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Балабақшамызда Халықаралық Отбасы күнін мерекелеу қарсаңында балабақша тәрбиеленушілер аясында «Өткенді  білмей,  болашағымыз жоқ»  мерекелік – құттықтау өткізілді, оның барысында балалар өз отбасаларын мақтан етіп, суреттер көрмесі өтті.10.2022жылы Үндестік жобаның жылдық жоспарына сүйеніп, балабақшаішілік «Арайлы, алтын күз!» атты ата – аналармен сұлулық  сайысы өтті. Ортаңғы «Жұлдыз» және «Бүлдіршін» топтарының ата – аналармен бірігіп, «Біз біргеміз!» атты спорттық сайыс өтті,  «Үндестік» облыстық жобасы  ата - аналар мен балабақшаның өзара іс - қимылын жақсартуға бағытталған  тиімді нысандардың бірі болып табылады.