oC

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Қостанай қаласы білім бөлімінің№13 бөбекжайы

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны»

Т.А.Ә.: Акауова Арайлым Куанышбаевна

Лауазымы: Біліктілігі жоғары деңгейдегі І санаты тәрбиеші. 12 жыл.

Тақырыбы: Мектепке дейінгі білім берудің негізі –ойын. 

Қазіргі таңда жан-жақты жетілген, білімді азамат дайындау – қоғам алдындағы үлкен міндет. Бала - болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілетін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік берді. Сондықтан оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізіп, оны тиімді пайдаланып, балаларға сапалы білім беру, жан-жақты дамыған бүлдіршіндерді тәрбиелеу - біздің басты мақсатымыз.

Қазіргі заман философтары «орта» деген сөздің мағынасын жеке мінез құлық пен қоршаған ортаның тығыз байланысының системасы деген тұрғыда қалыптастыруда. Дамытушы, тәрбиелеуші ортада сәби жеке тұлға ретінде қалыптасады және бұл қалыптасу социумның модулі болып табылады. Біздің балабақшамызда 6 топ бар. 6 топта дамыту орталықтары құрылған. Тәрбиешілер балалармен жұмыс жасайды.

Дамытушы орта кеңістіктерінің мектеп жасына дейінгі балалардың даму деңгейіне әсер беру мақсаттары:

  • Балаларды дамытушы орта арқылы өмірдің қыр-сырын таныту және біліктілігін жан-жақты дамыту;
  • Тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыру барысында күнделікті өмірдегі дағдыларының құзыреттілігін байыту, жетілдіру;
  • Дербес қимыл әрекеттерін қолдау, ойлау, сөйлеу қабілеттерінің қалыптасуына жан дүниесінің тазалығына, ұқыптылығына тәрбиелеу;
  • Тәрбие жұмысының тақырыптары бойынша білім-білік дағдыларын түсіндіру;
  • Баланың меңгерген білімін бақылау, бағалау;
  • Үйренгендерін күнделікті өмірде қолдануы;
  • Дамытушы орталар:

1.Балалардың дамыту ортасы. Ойын ортасы.

2.Сауаттылық ортасы. Әдеби орталық.

  1. Тіл шығармашылық орталығы.
  2. Ғылыми орта.Балалардың тәжірибе жасауы.

5.Табиғат бұрышы.

6.Құрылыс құрастыру ойын орталығы  

7.Қызықты математика орталығы

8.Дене шынықтыру орталығы (Спорт)  

9.Сюжетті-рөлдік  ойындар орталығы

Дамытушы орта - бұл баланың мақсатын және міндеттерін шешетін ізденіс алаңы. Балабақшада білім беру және заттық іс-әрекет ортасы ынталандыратын, өзіндік-практикалық және бес білім саласының мазмұнына жауап беруі тиісті. Ортаның мәні маңызды, өйткені ол баланың табиғи қасиетін табуға, жеке тұлғаны қалыптастыруға, баланың дамуына әсер ететін құрал.

Қарым-қатынас жасауда мінез-құлықтың

негізгі ережелер нормаларын білуі

Дамытушы орта арқылы жеке тұлға қалыптастыру жолдары

Өзін-өзі көрсетуі, басқаруы

Өз ойын тұжырымдауы

Жауапкершілік,қамқорлық сезімінің оянуы

Өзіне - өзі баға беруі

Бір-бірімен қарым-қатынас жасау

Елестету, қиял болжамдарының дамуы

Осы маңызды қасиеттер мен қабілеттердің барлығы дамытушы кеңістігінің ұйымдастырылуына байланысты ойналуынан туындайды. Осындай негізігі бағыттарды іске асыру үшін балабақшада дамытушы орта кеңістігін жаңартып, толықтырып, түрлендіріп отыру керек. Балабақшада дамыту орталығын құру бала мен үлкендер арасындағы тірек болып табылады. Ортаны құру стратегисясы мен тактикасы осы қалыптың ерекшеліктерімен байқалады.

 Мектепке дейінгі ұйымда оқу-тәрбие жұмысының басты шарты – пәндік дамыту ортасын құру болып табылады.

Дамыту ортасы деп пайдалы ұйымдастырылған, әртүрлі материалдармен толықтырылған, арнайы жабдықталған жайлы жағдай деп түсіну керек. Мұндай ортада барлық топ балаларын танымдық шығармашылық іс-әрекетке бір уақытта белсенді араластыруға болады. Дамыту ортасын құра отырып, біз топтардағы балалардың ерекшеліктерін ескереміз.

Мектепке дейінгі баланың жеке басын және танымдық процестерін дамыту, қарым-қатынас дағдыларын және тұтастай алғанда айналадағы әлеммен өзара іс-қимылын қалыптастыру баланың даму ортасын ұйымдастырумен тығыз байланысты.

 

Орта – үшінші педагог Заттық  - кеңістік дамытушы ортаны ұйымдастыруға қойылатын талаптар

Заттық - кеңістіктік дамытушы орта – бұл баланың психикалық әл - ауқатының қауіпсіздігіне, оны дамыту мақсаттарына сәйкес кеңістікті ұйымдастыру және баланың өз бетінше үйрену қабілетін дамытуға оң ықпал ететін жабдықтар мен басқа да жарақтарды пайдалану.

 

Дамытушы орта балаға өз қабілеттерін пайдалануға, қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне сүйене отырып, өзін қызықтыратын ойын материалдарымен ойнауға мүмкіндік береді. Балалар әрекетін осындай тәсілмен ұйымдастыру нәтижеге бағытталған даму механизмін құрайды. Бала жоспарланған мақсатты жүзеге асыруға ұмтылады. Заттық - дамытушы ортаны ұйымдастырудың педагогикалық барысын формалармен және әдістермен жетілдіріп отырамыз.

 

Балабақшамызда дамытушы ортаның қызметін атқаратын және балаларға қызықты, көп атқарымды, тартымды болып  жасақталған. Бұл орталар әдемі қызықты, қол жетімді, балаларға арналған өз - өзімен қалу орталары, шығармашылық орталығымен жасақталған. Дамытушы орта балалар мен ересектердің қарым - қатынасы мен бірлескен әрекетін, балалардың қимыл белсенділігін, сондай - ақ олардың оңаша болуына мүмкіндікті қамтамасыз етуі керек. Осы негізде балабақша ауласының барлық жері ұтымды пайдаланылды.

 

Дамытушы орта мыналарды:

  • Үлгілік бағдарламаның міндеттерін іске асыруды;
  • инклюзивті білім беруді ұйымдастыруда — оған қажетті жағдайлар жасауды;
  • білім беру әрекеті жүзеге асырылатын ұлттық - мәдени, климаттық жағдайларды ескеруді;
  • балалардың жас ерекшеліктерін ескеруді қамтамасыз етуі тиіс.

 

Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаға қойылатын жалпы талаптар:

– қауіпсіз;

– қолжетімді;

– әртүрлі;

– мазмұнды;

– көп атқарымды;

– өзгермелі; – тартымды.