1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№13 бөбекжайы» КМҚК жалғасын тапты. 2 маусым күні біздің балабақшада «Жаздың ашық түстері» атты асфальтта сурет салу іс – шарасы өтті. Қыздар мен ұлдар асфальтқа түрлі - түсті борлар алып, өз шығармашылықтарымен бөлісті. Көп ұзамай сұр асфальттің үсті, сиқырлы борлармен салынған жарқын суреттер пайда болды. Балалар күннің көзін, кемпірқосақ, керемет гүлдермен, сүйікті ата – аналарының суреттерін салып өз көңілдерің сурет арқылы жеткізді. Балалар суреттерін мұқият бояуға тырысты. Барлық балалар шығармашылықпен айналысты. Асфальт керемет таңғажайып суреттермен гүлденді және көп ұзамай көркем галереяға ұқсады. Асфальтқа сиқырлы борлармен салған суреттер балаларды қуаныш пен шаттыққа бөлейді!