«Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ ұйымдастырумен «Kostanay Book Fair» кітап көрме- жәрмеңкесі аясында өткен «Балаларға базарлық» жинағының тұсау кесуіне, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№13бөбекжайы» КМҚК бүлдіршіндері өздерінің өлеңдерін тақпақтарын айтып тұсау кесуіне ат салысты.
Мектепалды топ тәрбиеленушілері Есимбекова Мерей «Қошақаным» әнін, Кузбагарова Томирис «Түлкішек» өлеңін және ересек топ тәрбиеленушісі Шалмагамбетов Арлан өз өнерлерін ортаға салды. Абай Құнанбаев атамыздың «Жазды күні» өлеңін орындап алғыс хаттармен марапатталды.